Алматы қаласында ірі жол-көлік оқиғасы болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Қайғылы жағдай түнгі сағат шамамен 03:30-да Медеу ауданында, Әл-Фараби даңғылы бойында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr маркалы электромобиль батыс бағытта қозғалып келе жатып, Меңдікулов көшесімен қиылыста қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте ол Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.
Қатты соққы салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаған ЕО Иранға талап қойды
Асқар Жұмабек Айнұр Нарзиевамен болған жанжалға байланысты өз шындығын айтты.