Алматы қаласы

Алматыда ер адам итпен отбасын құрып, итті иесіне қайтармаған

Алматыда тұратын Ресей азаматы Андрей Суворов сүйікті иті Аркадийді қайтару үшін бірнеше айдан бері әрекет жасауда, деп хабарлайды ozgeris.info сайты madenipotal.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Андрейдің айтуынша, 2023 жылы Мәскеуден Алматыға көшу кезінде ол итін Роман есімді танысына уақытша тапсырған. Роман жануарды Алматыға жеткізуге келісім берген. Алайда біраз уақыт өткен соң ол итті қайтарудан бас тартқан. Сонымен бірге жануарға қатысты құжаттарды өз атына рәсімдеп, жалған ветеринарлық паспорт жасағаны анықталған.

 

Жағдайды одан сайын ушықтырған жайт – әлеуметтік желілерде тараған даулы суреттер. Кадрларда Романның итпен бірге әдепсіз әрекеттер жасайтыны байқалған. Кей жазбаларда ол жануармен «отбасы құрғанын» мәлімдеп, ашық сипаттағы мәліметтер қалдырған.

 

Андрей бұл фактілер бойынша Алматы қалалық полиция департаментіне және жануарларды қорғаумен айналысатын ұйымдарға шағым түсірген. Дегенмен күдікті сот процесіне келмей, қазір белгісіз бағытта жасырынып жүр.

 

Құзырлы органдар Романның нақты мекенжайын анықтауда. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жануарларды қорғау саласында заңнаманы қатаңдату қажеттігі жайлы пікірталастарды жандандырды.

Барлық жаңалық