Алматы қаласының Бостандық ауданында тұрғын үйдің ортақ балконынан құлаған 21 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келіп, марқұмның жеке басын анықтады.
Полиция таратқан бейнежазбада жігіттің күннің ыстығына қарамастан сырт киіммен жүргені байқалады. Тергеу бұл жайттың оқиғаға қандай да бір қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеріп, марқұмның өмір салты, араласқан ортасы және басқа да маңызды деректерді зерделеуде.