Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуін ресейлік Абдулрашид Садуллаевқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды Ozgeris.info
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз іріктеу кезеңінде екі дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы Садуллаевпен кездеседі.
Егер Ризабек жеңіске жетсе, келесі кезеңде түркиялық Токгоз бен моңғолиялық Тумурбаатар арасындағы жұптың жеңімпазымен белдеседі. Ал ширек финалда оны америкалық Кайл Снайдер күтуі мүмкін.
Осылайша, қазақстандық балуан үшін әлем чемпионатындағы жарыс жолы алғашқы айналымнан-ақ күрделі қарсыластармен басталмақ.