Жетісу облысының Алакөл ауданында Бесағаш ауылынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы батпақты әрі жетуі қиын аумақта қамыс өртенді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өртті сөндіру жұмыстары аумақтың батпақты әрі қолжетімсіз болуына, сондай-ақ қамыстың қалың өсуіне байланысты қиындап отыр. Өртті сөндіруге ТЖМ, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы және орман шаруашылығының шамамен 40 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылды.
Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ мен «Казавиаорманқорғау» күштері тартылып, өрт ошақтарына әуеден жалпы көлемі 27 тонна болатын 9 рет су төгілді.
Қазіргі уақытта жердегі бөлімшелер жекелеген ошақтарды сөндіріп, аумақты сулау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда.