Қоғам

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 30 мың көрермен алдындағы концертіне қатысты мәлімдеме жасады

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 30 мың көрермен алдындағы концертіне қатысты мәлімдеме жасады

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың 30 мың көрермен алдында концерт бергеніне қатысты жазба жариялады,хабарлайды Ozgeris.info.   

Ол осыдан 20 жыл бұрын әншінің алғашқы концерттерінде небәрі 30 адам болғанын еске алды. Айтуынша, сол кезде де ұлының өнеріне алаңдап, қуаныштан көзіне жас алған. Ал бүгін Қайраттың 30 мың адамның алдына шығуы бұл сезімді одан әрі күшейткен.

«Мұның артында қаншама қара тер, санаулы сағаттар мен күндер емес, 20 жыл еңбек тұр», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер жазбасында жақында қаза тапқан сарбаздардың аналарына да тоқталды. Ол барлық ананың көз жасы тек қуаныштан төгілсін деп тілек білдірді. Сондай-ақ Қайрат Нұртастың өз еңбегін қаза болған сарбаздардың аналарына көмек көрсетуге арнамақ екенін айтты.

«Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Анасын бала, баласын ана жоғалтпасын!» – деп жазды ол.

Барлық жаңалық