Әнші Айгүл Иманбаева қазақ арулары арасында эгоизм ретінде танылған қасаң пікір жайында сөз қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол қыз-келіншектерге ең алдымен өздерін ойлауға кеңес берген.
"Жаныңыздағы жандар жарқырап жүрсін деп, өзіңізді ұмытып кетпеңіз. Өзіңізді жақсы көру - эгоизм емес. Бұл - өзіңізге деген құрмет", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның бұл үндеуі көпшіліктің көңілінен шыққанға ұқсайды.
"Айгүл ханым, осыған көңіл күйім бұзылып отыр едім. Сізден жақсы сөз естіп қуанып отырмын", "40-жыл ұстаз болып, өз балаларыма да көңіл бөлмей, мектебімді жоғары деңгейде көрсетемін, оқушыларым алдыңғы қатарда жүрсін деп бар өмірімді сарп етіппін", "Өте дұрыс айтасыз!" деп жазды желі қолданушылары.
Олардың арасында бұл үндеуге сыни көзқараспен қарағандар да болды.
"Қазір елдің бәрі осы әңгімені айтатын болыпты, өзіңе қара, өзіңді бапта, өзіңді дамыт деп, жанымыздағы жақынымызды ойламасақ, шетімізден эгоист болсақ, қалай болады екен?!,", - деп жазды әншінің кейбір тыңдармандары.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278176-aigul-imanbaeva-qazaq-qyzdaryna-undeu-zasady-video