Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева «Алатау Серілері» этно-тобымен бірге әсерлі би орындап, желі қолданушыларын қуантты.
Олар Алматы қаласының символдарының бірі — «Қазақстан» қонақ үйінің алдында «Хас жүйрікте сын болмас» әніне билеген.
Айгүл ұлттық элементтері бар жилет пен джинсы киіп шықса, топ мүшелері сахналық ұлттық стильдегі костюмдермен өнер көрсетті.
Бейнеролик ерекше атмосферасымен көзге түсті. Қала шамдарының жарқырауы да видеоны көркемдей түскен.
Желі қолданушылары бұл өнерді жоғары бағалап, «Керемет», «Қазақстан билеп жатыр», «Көңіл-күй сыйлады» деген пікірлер қалдырған.