20 наурыз күні Жерде күшті магниттік дауыл күтілуде. Ғалымдардың мәліметінше, геомагниттік белсенділік 6 баллдан асып, бірнеше күнге созылуы мүмкін деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Соңғы күндері Күн белсенділігі төмендегенімен, Жердің магнит өрісі тұрақсыз күйде қалып отыр. Мамандардың айтуынша, негізгі әсер 19–21 наурыз аралығында байқалады.
Осы кезеңде Жерге Күннен шыққан екі ірі плазмалық ағын жетуі мүмкін. Соның салдарынан геомагниттік жағдай күрделене түседі.
Күн желінің жылдамдығы шамамен 338 км/с-қа жетеді деп болжануда. Сонымен қатар, кей аймақтарда полярлық шұғыла байқалуы мүмкін.
Мамандар магниттік дауылдың негізгі кезеңі келесі аптаның басына дейін жалғасатынын, ал 22–24 наурыз аралығында оның әлсіреген әсері сақталатынын айтады.
Мұндай құбылыстар адамдардың денсаулығына да әсер етуі мүмкін. Әсіресе, метеосезімтал адамдарда бас ауруы, ұйқысыздық, қан қысымының ауытқуы және мазасыздық байқалуы ықтимал.
Дәрігерлер бұл күндері стресс пен ауыр жүктемеден аулақ болып, жеткілікті ұйықтауға, су ішуге және дұрыс тамақтануға кеңес береді.