Қоғам

16 млн теңге: «Қазақмыс» атымен алдағандар жауапқа тартылуда

16 млн теңге: «Қазақмыс» атымен алдағандар жауапқа тартылуда

Ұлытау облысында азаматтарды «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деп алдағандарға қатысты 9 қылмыстық іс қозғалып, олардың 6-ы сотқа жолданды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер тұрғындардың сеніміне кіріп, жұмысқа тұрғызамыз деген сылтаумен алдын ала ақша алған. Нәтижесінде олар 16 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп, уәделерін орындамаған.

Облыстық Полиция департаменті жұмысқа қабылдау тек ресми түрде, кадр қызметі арқылы жүргізілетінін ескертеді. Азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сенбеу және жеке қаражатын бөгде адамдарға бермеу ұсынылады. Алаяқтыққа тап болған жағдайда дереу полицияға хабарлау қажет.

Барлық жаңалық