Ең қарт қазақстандық әйел 114 жасқа толды

Фото: checheninfo.ru

Қазақстанда ұзақ өмір сүргендердің басым бөлігі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тұрады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Ең қарт қазақстандық Ұлытау облысында тұрып жатыр, ол 114 жасқа толды.

Ведомствода атап өткендей, ұзақ өмір сүргендердің басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Өңірдің 64 тұрғыны 100 жастан асқан.

«Ұзақ өмір сүргендер саны бойынша екінші орынды еліміздің ірі қаласы — Алматы алады. Онда 100 және одан жоғары жастағы 48 адам тұрады. Ұзақ өмір сүргендер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам бар «, — деп нақтылады Еңбек министрлігінде.

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны — 114 жас, Павлодар облысының тұрғыны — 112 жас, Түркістан облысының тұрғыны — 110 жас кірді.

Қазақстанда 100 жастан асқан 423 адам тұрады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...