Жаңалықтар

Еліміздегі алғашқы АЭС-ті салуға кем дегенде 14 миллиард теңге жұмсалмақ

Еліміздегі алғашқы АЭС-ті салуға кем дегенде 14 миллиард теңге жұмсалмақ

АЭС салу үшін Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыру ұсынады. Атомдық энергия жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салуға қанша қаражат жұмасалатынын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info

Оның айтуынша, жобаның нақты құны техникалық-экономикалық негіздемеге қарап анықталады.

“Яғни, қазір бізде конкурсқа қатысушы вендорлар ұсынған индикативті параметрлер бар. Алайда оларды қазір жариялай алмаймыз, себебі бұл мәліметтер процеске қатысушылар жасаған құпиялылық туралы келісіммен қорғалған. Дегенмен әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның құны кемінде шамамен 14 миллиард долларға шығады", – дедіи Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ ол АЭС құрылысының 7 жылға дейін созылуы мүмкін екенін атап өтті.

“Конкурс шарттарына сәйкес белгіленген индикативті мерзім – бұл құрылыс басталған сәттен бастап 7 жыл", – деді ол.

Қазақстан алғашқы АЭС салу бойынша Ресеймен үкіметаралық келісімді 2025 жылдың соңына дейін жасасуды жоспарлап отыр.

"Біз өзіміз үшін қарқынды мерзімдерді белгілеп отырмыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл келісімге қол қою мақсат етіп отырмыз”, – деді Сатқалиев.

Барлық жаңалық