Утильалымнан түскен қаржы қайда кетіп жатыр

Фото: baq.kz

«Жасыл Даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шынасыл Ерназар утилизациялық алымға қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдауда утиль алымнан түскен қаражат қайда жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Спикердің сөзінше, 2022-2023 жылдары жеңілдетілген автонесиелеу, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыруға 180 миллиард теңге бөлінді.

«Қоқыс өңдеу және сұрыптау зауыттарын салуға, орман мекемелері үшін арнайы техника сатып алуға қосымша 200 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қосымша 90 миллиард теңгені көздейтін түзетулер енгізіледі. Бұл қаржы Су ресурстары министрлігінің, орман мекемелерінің және автобус сатып алудың қажеттіліктеріне бағытталады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қайтарымды негізде бөлінуі жоспарланып отырған 470 миллиард теңгеге тоқталсақ, оның 185 миллиард теңгесі зауыттарға жұмсалады. Бүкіл Қазақстан бойынша жылына жалпы қуаты 3 миллион тонна қалдықтарды сұрыптайтын 21 желі, қайта өңдеу бойынша 45 зауыт салынып, 223 арнайы техника сатып алынады», — деді «Жасыл Даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Шынасыл Ерназар «Жасыл даму» бағдарламасы бойынша қаржы бөлініп, 13 347 отбасы жеңілдетілген автонесиелеу арқылы жаңа көлік сатып алғанын айтты.

«Биыл су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар министрлігі мен су ресурстары және ирригация министрлігін қажетті техникамен жарақтандыру үшін Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қосымша 50 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Автобустарға келсек, автобустардың жеңілдетілген лизингіне 45 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, оған 1100-ге жуық жаңа автобус сатып алынады. Осыған дейін бөлінген қаражатқа жылына үш миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін 349 жаңа автобус сатып алынды», — деді ол.

Бұдан басқа өрт сөндірушілер орман өрттерін сөндірудің жеделдігін қамтамасыз ету үшін жаңа машиналар алады, бұл мақсатқа 40 млрд теңге бөлу жоспарланған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...