🌐 Әлем

Трамп Иранға өте ауыр соққы жасалатынын мәлімдеді

Трамп Иранға өте ауыр соққы жасалатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранға өте ауыр соққы жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

АҚШ басшысы Иран Таяу Шығыста билік жүргізгісі келгенін, алайда ұзақ ғасырлар ішінде алғаш рет жеңіліске ұшырап, көршілес мемлекеттерге оқ атпауға уәде бергенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл шегініс АҚШ пен Израильдің толассыз шабуылдарының нәтижесінде мүмкін болған.

«Бүгін Иранға өте ауыр соққы жасалады, олардың әрекеттері үшін бұған дейін нысанаға алынбаған аймақтар мен адамдар тобы толығымен жойылуы мүмкін», - деп жазды Дональд Трамп.

Бұл қақтығыс АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан және Хаменеидің қазасынан кейін ушығып, оған жауап ретінде Тегеран Израильге, АҚШ-қа және Нахчыванды қоса алғанда бірқатар көрші елдерге дрондармен шабуыл жасаған еді. Дональд Трамп зымыран нысандарына бағытталған бұл әскери операция төрт-бес аптаға созылатынын айтты.

Барлық жаңалық