Нұрлан Қоянбаев жаңа саяси қызметке тағайындалды

Қоянбаев
Фото: instagram.com/nurlankoyanbayev

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген.

Қоянбаев бұған дейін президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметтерін атқарған.