Майқайыңдағы апат: Құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі жеті айдан кейін табылды

Фото: Айдос Шаймерденнің вконтакте желісінен

Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған жолаушылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаевтың сөзінше, 19 шілдеде құтқарушылар взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденовтің денесін тапты, деп жазады Stan.kz.

«Мәйіт таңғы сағат 5.30 шамасында табылды. Эскалатор мәйітті зақымдауы мүмкін еді. Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды. Ертең іздеу жұмыстарын жалғастырамыз. Себебі қызметкерлер мәйітті шығару кезінде моральдық күйзеліске ұшырады», – деді Қайролла Жүрсінбаев.

Ол төртінші қаза болған құтқарушының денесі жақын арада табылар деген үмітін білдірді.

Еске салсақ, биыл 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырға 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткен еді. Опырылған жердің ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств