Қоғам

Зейнеткерлер мүгедектігі бар жұбайына көмектесіп, жәрдемақы алады

Зейнеткерлер мүгедектігі бар жұбайына көмектесіп, жәрдемақы алады

Енді зейнет жасындағы азаматтар бірінші топтағы мүгедектігі бар жұбайына ресми түрде күтім жасап, мемлекеттен жәрдемақы ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасында айтылған, деп жазады Ozgeris.info.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдан бастап зейнеткерлерге мұндай мүмкіндік беріледі. Бұған дейін ереже бойынша зейнетке шыққан азамат жұбайына жеке көмекші бола алмайтын.

Тағы бір маңызды өзгеріс – көмекші болып тағайындалатын адамның мүгедек жанмен бір елдімекенде тұруы керек. Яғни, басқа қалада тұратын туыс бұл қызметті атқара алмайды.

Министрлік бұл өзгеріс күтімге мұқтаж адамдарға жақындарын ресми көмекші етіп бекітуге жол ашатынын айтады. Қазір бұйрық жобасы қоғамда талқыланып жатыр. Егер қабылданса, жаңа ереже 2026 жылдан бастап күшіне енеді.

Барлық жаңалық