YouTube платформасы АҚШ президенті Дональд Трамппен болған сот дауын реттеу үшін жиырма төрт жарым миллион доллар төлеуге келісті. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.
Келісімге сәйкес қаражаттың басым бөлігі, яғни жиырма екі миллион доллар Ақ үйдегі Trust for the National Mall қорына аударылады. Қалған екі жарым миллион доллар талап арыз берушілер арасында бөлінбек.
Трамп пен әлеуметтік желілер арасындағы дау 2021 жылы басталған. Сол кезде Вашингтонда Трамптың жақтастары наразылыққа шығып, Капитолийге басып кірді. Осы оқиғадан кейін президенттің Facebook, Instagram, YouTube және Twitter парақшалары бұғатталды. Платформа өкілдері мұны Трамптың мәлімдемелері адамдарды арандатты деп түсіндірген.
Президент әкімшілігі Meta Platforms компаниясына қарсы да шағым берген болатын. Жағдайды сотқа жеткізбей шешу үшін Facebook ісі бойынша жиырма бес миллион доллар төлеуге келісім жасалды. Ал X бұрынғы Twitter компаниясы он миллион доллар төлеуге келісті. Енді YouTube те жиырма бес миллион доллар төлеуге келісіп отыр.