Белгілі ақын Ханбибі Есенқараева күйеуі, елге белгілі азамат, композитор Тұрдықылыш Ізтаев пен Нұрикамал туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Нұрикамал" әнінің авторы күйеуінің ғашығымен дос болғанын жасырмады.
"Өмір деген қызық қой. Ғашық болғанымен Нұрикамалға үйленген жоқ. Үш қызым бар, Нұрикамал ұл туып беретін шығар дедім. Сөйтіп едім екеуінің жұлдызы жараспады. Нұрикамал ақылды қыз ғой. Еркектер ақылды әйелді онша ұнатпайды екен. Бір ақылды әйелден екінші ақылды әйелге бара алмады. Сөйтіп Нұрикамал екеуміз дос болып бірге жүрдік. Оны жұрт түсінбеді. Мен ол әйелден бәсекелес көрмедім. Нұрикамалдың кінәсі жоқ, ол ғашық болды. Оларға қарсы күрескенде мен жеңілетін едім. Өйткені олар екеу, мен жалғызбын", деді ақын.