Түркістан облысы

Түркістандағы «Үлкен Тұра» шыңында жоғалған туристер құтқарылды

Шымкенттен шыққан алты адам Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңына көтерілген соң уақытында қайта оралмай, хабарсыз кеткен. Бұл туралы ozgeris.info сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

22 тамыз күні үшеуі ер, үшеуі әйелден құралған топпен байланыс кенеттен үзілген. Оларды іздеу үшін құтқарушылар «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркі аумағына аттанып, шамамен 5 шақырым таулы аймақты, оның ішінде өзеннің бойымен бір шақырымдық жерді жаяу аралап шыққан.

 

Іздеу жұмыстары нәтижесінде туристер түнде табылды. Алайда олардың бірі жарақат алып, аяғы сынғаны белгілі болды. Сол себепті қалғандары оны өз беттерінше тасымалдай алмаған.

 

Құтқарушылар азаматтарға тауға шықпас бұрын қажетті дайындық жасап, міндетті түрде байланыс құралдарын өздерімен бірге алуға кеңес береді.

Барлық жаңалық