31 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 540,78 теңге болып тіркелді. Бір күн ішінде ұлттық валюта 5,42 теңгеге нығайып, интервенциядан бері жалпы 10 теңгеге жуық өсім көрсетті, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл өзгеріс Ұлттық банктің валюталық интервенциясынан кейін басталды. Бір күн бұрын ғана доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткен. Күрт әлсіреуді болдырмау үшін ҰБ нарыққа араласып, қыруар валюта сатқан. Қаржы реттеушінің айтуынша, интервенция теңге тұрақтылығын сақтау үшін жасалған «шұғыл шара».
«Біз ішкі нарықтағы шамадан тыс құбылмалылықты шектеу мақсатында интервенцияға жүгіндік. Валюта нарығында теңгерімсіздік байқалды», – деді ҰБ өкілі.
Сауда көлемі де азайған. 30 шілдеде KASE-те 443,8 млн долларға операция жасалса, 31 шілдеде бұл көрсеткіш 163 млн долларға дейін төмендеген. Ал ақша айырбастау пункттерінде де теңге күшейе бастады.