Жаңалықтар

Таразда оқушы көз жұмды

Таразда оқушы көз жұмды

Таразда жасөсіпірімдер жанжалдасып қалып, олардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Оқиға 1 қыркүйекте болған. Полиция бұл ақпаратты растады.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Барлық жаңалық