Қоғам

"Танымал тұлғаның ұлы кінәлі": Ақтөбеде қаза тапқан Айымның жақындары шыр-пыр болды

"Танымал тұлғаның ұлы кінәлі": Ақтөбеде қаза тапқан Айымның жақындары шыр-пыр болды

Ақтөбе – Хромтау тас жолында 27 маусым күні жеңіл автокөлік аударылып, салдарынан 19 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жол апаты болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға 27 маусым күні сағат 22:30 шамасында Ақтөбе – Хромтау тас жолында болған.

Жеңіл автокөлік аударылып түскен. Салдарынан 19 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші аман қалған.

«27 маусым күні Хромтау ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік жүргізушісі қамауға алынды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, марқұмның туыстары желіде күдіктінің әкесі белгілі кәсіпкер екенін айтып, жазадан құтылып кету қаупі барын жазуда. 

Барлық жаңалық