Оқиға

Алматы облысында автожол мен демалыс аймақтарын су басты

Алматы облысында автожол мен демалыс аймақтарын су басты

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі су деңгейінің көтерілуі салдарынан "Түрген — Асы" автожолының 25-шақырымындағы жол бөлігін су басқанын хабарлады, деп жазады ozgeris.info.

Сондай-ақ Түрген өзенінің бойындағы аумақтардың су астында қалғаны тіркелді. Атап айтқанда, 6-9 шақырым аралығында 6 киіз үй және «Түргенсай» демалыс аймағы орналасқан. Қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірлері ішінара зақымдалған.

"Тексеру барысында Үлкен Алматы каналының (ҮАК) бойындағы автожолдың 54-шақырымында орналасқан көпірдің су өткізгіш құрылымы айналасындағы топырақты су шайып жатқаны анықталды. Аталған көпір 2024 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын. Жұмыстарды үйлестіру мақсатында ауданы әкім, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер, полиция, төтенше жағдайлар қызметтері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар жетекшілері мен бастықтарының қатысуымен жедел штаб ұйымдастырылды", — деп хабарлады әкімдіктен.

Қазіргі уақытта туристік нысандар мен туристік аймақтарда болған демалушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД облыстық маңызы бар КВ-49 «БАК каналы бойындағы автомобиль жолы» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Шектеу Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы аумақта нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген өзенінің ағысы күшейіп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төнуіне байланысты енгізілді.

Барлық жаңалық