Қоғам

«Мені сындыра алмайсыңдар»: Бақыт Сәрсекбаев қатаң үндеу жариялады

«Мені сындыра алмайсыңдар»: Бақыт Сәрсекбаев қатаң үндеу жариялады

Бапкер Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, өзіне қысым көрсету әрекеттері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол өз жұмысына ешкімнің араласпауын сұрап, қызметіне кедергі келтіруді қазақ боксының дамуына жасалған кедергімен теңестірді.

«Сынбаймын ғой. Сындыра алмайсыңдар ғой! Ешқашан да байланыстарыңмен, телефонмен, провокациямен қорқыта алмайсыңдар! Мен жүрген жерде тек қана тәртіп, дисциплина, әділдік болады! Мен ештеңе сұраған емеспін, бар сұрарым – жұмыс істеуге кедергі бермеңдер! Маған кедергі жасау – қазақ боксына кедергі жасау! Менің интрига, провокацияға уақытым жоқ, алдымызда жауапты бәсеке тұр! Кейбіреулерге ескерту!», – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.

Барлық жаңалық