Талғат Жақиянов
Жаңалықтар
Талғат Жақиянов: Украинада игерілмеген сланц газының бай қоры жатыр
Ресей Украинаға неге шүйлікті?
2014 жылы Ресей Қырымды алғаннан кейін Ялтада үлкен халықаралық жиын болды. 89 мемлекет өкілдері қатысты. Сол жиынға қатысқаным бар.
Сонда шиеленістің басты себебі экономикалық мәселелермен байланысты екендігін нақты ұқтым.
Украина жерінің астында игерілмеген СЛАНЦ ГАЗЫНЫҢ бай қоры жатыр. Тың күйінде.
Сланц газын өндіріп, пайдаға асыру үшін Украин билігі американдық компанияларды серіктестікке шақырған. Себебі сланц газы саласындағы барлау мен өндірудің жоғары технологияларына американдықтар иелік етіп отыр.
Екіжақты келісім жасалған соң американдық компаниялар барлау нәтижелері негізінде Украинаның бірнеше өңірінде зауыттар салуды жобалауды бастайды.
Сәйкесінше, бұл шешім Ресейге ұнамайды. Себебі оның Еуропаға бағытталған бірнеше газ құбырлары тоқтап, экономикалық зардап әкеледі. Еуропаны украиндық газбен жеткілікті деңгейде қамтуға болады. АҚШтың да бір күтілімі Ресейге осындай экономикалық соққы беру.
Қырымның жағалауында Қара теңіздің тұңғиықтарында энергияның тағы бір көзі анықталған. Ол - ГАЗОГИДРАТТЫҢ (газ кристаллдары) үлкен көлемдегі мол қоры. Оның құны мен қажеттілігін түсіну үшін интернеттен қарасаңыздар болады.
Украина газогидрат қорын да американдық компаниялардың көмегімен игеруді жоспарлады.
Сланц газы өндірісін жүргізуге, газогидратты игеруге мүмкіндік бермес үшін Ресей бірден Қырымға десант түсіріп, басып алды. Донбасс пен Луганскіде соғыс бастап, буферлік аймақ қалыптастырды.
Украинаның энергетика саласына қаражат құямын деген шетелдік инвесторлардың барлығы ойларынан бас тартып, үйлеріне қайтты. Себебі бизнес тек саяси тұрақтылық жағдайда ғана дамиды.
Зауыттар салу бастамалары белгісіз мерзімге тоқтады. Ресейдің газы Еуропаға жөнелтілуде. Осылайша, Ресей экономикалық мүддесімен қатар Еуропа елдеріне газ тасымалдау арқылы ықпал ететін саяси басымдықтарын да сақтап қалды.
"Орыс әлемін" қорғау мақсаты деген себептердің барлығы сылтау ғана. Донбасс пен Луганск халқы ендігі аралықта "Ресейге қосыламыз" деген иллюзиямен ғана өмір сүретін болады.
Меніңше, Ресей бұл аймақтарды ешқашан қосып алмайды. Ол аймақтар буфер ретіндегі рөлін атқаратын болады. Олар - Украинаға ықпал ету алаңдары. Украинаның энергетика саласына келген инвесторларды үркітіп отыратын "бөкидің" рөлін атқарады.
Ресей Украинаны да басып ала алмайды, басып алмайды да. ДНР мен ЛНР сияқты даулы аймақтарды да қосып алмайды.
Ресейдің бұл әрекеті екінші жағынан бұрышқа тығылған жыртқыш аңның әрекетін еске салады. Санкциялар арқылы жасалған қысым шегіне жетті. Экономикалық дефолттық жағдай әлеуметтік наразылықтарды қатты асқындыруда. Ішкі наразылық потенциал жарылғалы тұр.
Ресейде басқа амал қалмады. Ол соғыс ашу арқылы ең алдымен Шығыс Еуропа елдерін, одан кейінгі кезекте Батыс Еуропаға сес көрсетпек. Осылайша, оларды АҚШ бастаған санкциялардан бас тартуға мәжбүрлемек.
Келесі қайшылық нүктелері Шығыс Еуропада орын алуы мүмкін. Ресей ол елдерге де бағытталған іріткі саясатын бірнеше жылдар бойында жүргізіп келеді.
"Орыс әлемі" идеологиясының аясында Ресей Украинаның батыс бөлігінде отырған "Русин" этникалық топтарына қолдау жасап отыр. Олардың бір Украинадағыларының саны ғана миллионға жуық. Русиндер өздерін орыстармен жақын туыс халықпыз деп есептейді.
Міне, осы Русиндер Укранинамен бірге Польшаның, Венгрияның, Словакияның шекаралас өңірлерінде шоғырланып қоныстанған. Яғни бірнеше мемлекеттің іргелес өңірлерінде жақын қоныстанған. Ресей оларға осы елдердің аймақтарындағы жерлерін біріктіріп, Мемлекет құрып беруге көмектесемін деп отыр. Сәйкесінше, мұндай сепаратизм Шығыс Еуропа елдерінің территориялық тұтастықтарына зиян келтірмек.
Шығыс Еуропаның тыныштығының бұзылуы Орталық және Батыс Еуропаны да ойландыратын болады.
Жалпы, "Орыс әлемі" идеологиясы мәдени кеңістіктен шығып, саяси құралға айналғаны қашан...
"Орыс әлемі" идеологиясы әлем елдеріндегі 4 категория өкілдерін дамытуға және қорғауға бағытталған: славяндар, тарихи отандары Ресейде орналасқан этникалық топтар, орыстілділер және православтар (Орыс православ шіркеуіне тиесілі қауымдастық).
Көптеген елдердегідей, бұл идеология біздің елде де кеңінен жүргізілуде. Ойланатын мәселелер бар...
-
Қайрат Боранбаевтың інісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
17:21, 21 маусым 2025
-
Балқаш көлінде төрт жасар қызды толқын 200 метрге алып кетті
15:05, 21 маусым 2025
-
Қазақстандық креатившілер салық кодексіндегі өзгерістерге қарсы шығып, билікке жүгінді
13:55, 21 маусым 2025
-
Kaspi-дегі ең қымбат кітаптар қандай?
17:24, 20 маусым 2025
-
Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды
17:05, 20 маусым 2025
-
1 шілдеден бастап Қазақстанда не қымбаттайды?
16:06, 20 маусым 2025
-
"Әке, біз сізді мақтан тұтамыз": Айсәуле Бақытбек қаралы хабар айтты
15:38, 20 маусым 2025
-
Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті
14:43, 20 маусым 2025
-
-
Шетелдік спортшыларға енді ақша жоқ
12:01, 20 маусым 2025
-
Балқаш көлінде төрт жасар қызды толқын 200 метрге алып кетті
15:05, 21 маусым 2025
-
Қайрат Боранбаевтың інісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
17:21, 21 маусым 2025
-
АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады
12:56, 22 маусым 2025
-
«Қатын ұратынын біле ме»: Бұрынғы әйелін сабаған әнші Ғабит екінші рет үйленбек (ВИДЕО)
09:49, 16 маусым 2025
-
"32 мыңға 8 рет виски алдырды": Төрғали Төреәлінің әрекеті желіде талқыға түсті
14:46, 16 маусым 2025
-
«Маған өлердей ғашықсыз»: Мақпал Жүнісова Ермахан Ибрайымды ыңғайсыз жағдайға қалдырды
07:21, 16 маусым 2025
-
"Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр". Мөлдір Мұқанова оқырмандарына жауап берді
10:11, 19 маусым 2025
-
-
-
-
-
"Әке, біз сізді мақтан тұтамыз": Айсәуле Бақытбек қаралы хабар айтты
15:38, 20 маусым 2025
-
"Өксік тығылды": Жұлдыз Әбдікәрімова мектеп бітіру кешіне Қайраттың келмегенін айтты
11:22, 16 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025