ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың күйеуі 59 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі tengrinews.kz порталына растады.
Айта кетейік, Светлана Жақыпова 2023 жылдың қазан айынан бері министр қызметін атқарып келеді. Ол 1968 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын және Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.