"ozgeris.info"
Жаңалықтар
Смайылов: "Облыс әкімдері азық-түлік бағасын бақылай алмай отыр"
09.04.2022
132
Премьер-Министр Әлихан Смайылов арнайы өткізілген кеңес барысында осылай деді. Ол өңір әкімдерін азық-түлікке қатысты жағдайды ойдағыдай бақылай алмай отырғандығын сынады, деп хабарлайды "ozgeris.info" "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.
"Маңғыстау облысында пияз 39,2 пайызға, сиыр еті 5,5 пайызға қымбаттаған. Өткен жылы біз Жамбыл облысының фермерлерімен өңірге пияз жеткізу бойынша уақытылы келісімшарт жасау қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан едік. Аталған жұмыс орындалмады, сол себепті азық-түлік бағасының өсуіне жол беріліп отыр. "Айналым схемасына" 3,6 миллиард теңгелік жоспар кезінде 1,1 миллиард теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттан кәсіпкерлерге 177 млн теңге ғана бағытталды", – деді ол.
Үкімет басшысы соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысында сүт-тауар фермаларын салуға айтарлықтай қаражат бөлінгенін атап өтті. Бұл орайда өңірде сүт өнімдері, айран, сүзбе мен сары май тиісінше 14,3%-ға, 9,5%-ға және 5,3%-ға қымбаттаған.
"Азық-түлік бағасын ұстап тұру – бірінші кезектегі маңызды мәселе. Мен бірнеше рет "айналым схемасын" қаржыландыруды арттыруды тапсырған едім. Алайда бүгінде жұмыс тиісті деңгейде орындалған жоқ. Осы айдың соңына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін арттыруды тапсырамын. Алдағы аграрлық маусым қарсаңында өңірлердің бірінші кезектегі міндеті күзгі ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге форвардтық шарттар жасасу болуы тиіс. Егер қазір мүмкіндікті жіберіп алсақ, маусымаралық уақытта біз бағаның өсуіне тағы да тап боламыз", — деді Ә. Смайылов.
Отырыста Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, тұрақты негізде өндіріс пен тұтыну теңгерімін өзекті етіп отыруды, өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін олардың қажеттіліктерін ескере отырып жедел тәртіппен жеткізуді тапсырды.
-
ЖИ фильмі: Астанада 1 млн доллар берілмек17:40, 25 мамыр 2026
-
-
-
-
"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)16:21, 25 мамыр 2026
-
Далаға тасталған сәби: Ақтөбе сақшылары безбүйрек ананы іздеп жатыр15:26, 25 мамыр 2026
-
"Қайрат" клубының бұрынғы футболшысы қаза тапты14:50, 25 мамыр 2026
-
Бишілерді тегін жұмысқа жекпек болған ба? Алматылықтар ресейлік әншіні елден қуды13:35, 25 мамыр 2026
-
"Мойнында қылғындыру ізі бар": Ерзат Шалқарұлының өліміне қатысты күдікті жайттар12:29, 25 мамыр 2026
-
Жасанды интеллект мектепке кірді: оқушы мен мұғалімді не күтіп тұр?12:26, 25 мамыр 2026
-
"Жағдайым онша емес": Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты айтылған өсекке пікір білдірді11:55, 25 мамыр 2026
-
"Мына Баяның менен өткен": Бағдагүл емші продюсерге тағы да тиісті (ВИДЕО)09:48, 25 мамыр 2026
-
-
"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)16:21, 25 мамыр 2026
-
"Мойнында қылғындыру ізі бар": Ерзат Шалқарұлының өліміне қатысты күдікті жайттар12:29, 25 мамыр 2026
-
-
«Дүние алма-кезек»: Балжан Бидаш Баян Алагөзоваға жауап берді03:00, 25 мамыр 2026
-
Атыраудағы ММА кеші: Қуат Хамитовтың жеңісі және трибунадағы жаппай төбелес09:44, 25 мамыр 2026
-
“Мама, мені тастап кетпейсіз ғой”: Айсұлтанның тағдыры елді жылатты06:00, 25 мамыр 2026
-
Бишілерді тегін жұмысқа жекпек болған ба? Алматылықтар ресейлік әншіні елден қуды13:35, 25 мамыр 2026
-
-
-
-
"Қыдекем нашарлап кетті": Қыдырәлі Болманов шұғыл ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)09:42, 19 мамыр 2026
-
"Қызымен сүйіскені несі?": Қайрат Нұртастың әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)14:49, 19 мамыр 2026
-
-
-
"Көмектесіңдер маған!": Бағдагүл емші тікелей эфирде көз жасын көл қылды (ВИДЕО)09:44, 21 мамыр 2026
-
"22 жыл қасымдасың": Баян Алагөзованың қызы күтушісінің тойында елді жылатты (ВИДЕО)11:51, 19 мамыр 2026
-
-
-
-
-
-
"Адам өледі, ажал қалады": Хасанғалиевтің ұлы қайғылы жазба жариялады (ФОТО)14:27, 30 сәуір 2026
-
"Іріңдеп кеткен": Гүлзира Айдарбекова қазіргі жағдайынан хабар берді10:02, 29 сәуір 2026
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-