Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова екінші қызы Айымның мектеп бітіру кешінде көзге түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Белгілі болғандай, Айым Тұрсынбекқызы 11-сыныпты аяқтап жатыр.
"Ақ колготки, ақ бантик тағып, ақ күртешеңді үтіктеп, оқу-құралдарыңды түгендеп, күнде таңда оятып, еркелетіп сабағыңа апарған әр сәтіміз есімде. Достарың да көп, білімге де құштар болып, мектептің де әр іс-шарасында белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жүрдің.
Тәттім менің, оқушылық кезеңіңді ақылмен, санамен аяқтағаның үшін, әр жетістігіңмен мені аналық бақытқа бөлегенің үшін рақмет", - деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Тұрсынбек Қабатов та желідегі парақшасында қызын құттықтап, ақ тілегін арнады.