Танымал журналист Динара Сәтжан Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова, Балжан Бидаш арасындағы дауға пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Оның сөзінше қос арудың бұл әрекеті-құрметсіздік.
«КешYOU» тобына 20 жыл болды.
Шынын айтсақ, бұл — нағыз бір армия.Иә, Баян талапшыл. Кейде қатал.
Бірақ мықты тәлімгерлер ешқашан «ыңғайлы» болмайды.
Олар адамға қысым жасайды, себебі сенің бойыңдағы өзің де өмір бойы аша алмауың мүмкін әлеуетті көреді.Осы 20 жыл ішінде «КешYOU»-дан ондаған қыз өтті.
Ешкім танымайтын қарапайым қыз болып келді.
Ал танымал есімі, аудиториясы және қалыптасқан мансабы бар жұлдыз болып шықты.Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш ол кезде кім еді?
Арманы мен амбициясы бар қарапайым қыздар.Ал бүгінде олар кім?
Танымал, табысты, өз орнын тапқан әйелдер.Неге оларға алғыс айту соншалық қиын?
Бұл әлсіздік емес қой.
Тіпті деректі фильмде оларды «сұлу» деп айтпаған болса да.
Түсінгенімше, негізгі реніш осы сияқты.Адамдарды трамплин ретінде пайдалану — шоу-бизнес үшін қалыпты нәрсе.
Бірақ Баян мен Бағолидей трамплин болмағандай кейіп таныту — бұл енді пендешілік.Ешкім олардан табынуды сұрап отырған жоқ.
Бірақ мансаптарына қосқан үлесті мойындау, мерейтойлық концертке қатысу — бұл құрметтің белгісі.Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері.
Бұл — жай ғана сыйлық емес. Бұл — көпжылдық еңбектің нәтижесі.Олар бұл атақты тек өткен жылы алды.
Мемлекет оларды мойындайды.
Ел мойындайды.Ал Мөлдір мен Балжан кім, өздеріне есім жасап берген адамдардың еңбегін жоққа шығаратындай?", - деп жазды ол.