Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Индира кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына қатысты жазба жариялап, оның отадан кейін есін жимай қалғанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Индира марқұммен түскен видеосын бөлісіп, оның қазасы жүрегіне ауыр тигенін жасырмады.
«Осылай апкеммен ойнап жүруші едім, естіп жүрегім қатты ауырды. 1 сағаттық операцияға кіріп, наркоздан тұрмай қалған. Жақындарыңызды әрдайым қадірлеп, жақсы сөз айтып көзі тірісінде бағалайық», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Айдарбекованың келіні Сәуле Базарханды ақжарқын, мейірімді жан ретінде еске алды.
«Жүрегі кең, әрдайым күліп жүретін сұлу апкем. Жатқан жеріңіз жайлы болсын», – деді Индира.