Шымкент қаласы

Шымкентте орамал таққан қызды ұрып, орамалын шешпек болған

Шымкенттегі “Қырғы базарда” орын алған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ozgeris.info сайтының Democrat.kz сайтына сілтемесімен хабарлауынша, хиджаб киген бойжеткен сатушылар тарапынан күш көрсетудің құрбаны болған.

 

Оқиға қыздың анасы екеуі базарға барған сәтте басталған. Анасы шаршап, бос тұрған орындыққа отырып демалмақ болғанда, сатушылардың бірі қатқыл сөйлеп, дауыс көтерген. Қыз анасының намысын қорғап сөзге араласқанда, сатушы оған қол көтеріп, артынша жанындағылар да қосылып, күш көрсеткен. Жәбір көрген қыздың айтуынша, олар оны ұрып-соғып, басындағы орамалын жұлып алып, тепкіге жығуға дейін барған.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Жәбірленуші тарап бұл әрекетті діни және адамгершілік нормаларға қайшы деп бағалап, әділдік орнауын талап етуде.

Барлық жаңалық