Оқиға

Шахтинскіде жарылыс болды: 8 адам зардап шекті

Шахтинскіде жарылыс болды: 8 адам зардап шекті

Шахтинск қаласында тұрғын үйде тұрмыстық газ баллоны жарылды. Жарылыстан кейін пәтердегі жиһаз бен заттар өртенді.

Төтенше жағдай салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның бесеуі – полицей. Барлығы ауруханаға жеткізілді. 

Күдікті қашуға тырысқан

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. ПД мәліметінше, полицейлер қашуға тырысқан 40 жастағы ер адамды ұстаған.

– Қазіргі уақытта ол Шахтинск қалалық ауруханасының арнайы палатасына жатқызылып, күзетке алынған. Жазылғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Іс бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз

Барлық жаңалық