Жаңалықтар

Сарыөзек гарнизонында әскерге шақырылған сарбаз қаза тапты

Сарыөзек гарнизонында әскерге шақырылған сарбаз қаза тапты
Әскери қызметшінің қаза болғаны Қазақстан Құрлық әскерлерінде расталды. Қайғылы оқиға жауынгерлік даярлық бойынша далалық оқу-жаттығу сабақтары барысында орын алған.
"Қатардағы жауынгер К. қаруды қолдану ережелерін бұзу нәтижесінде өмірмен сыйыспайтын атыс жарақатын алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталады. Тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Барлық жаңалық