Ресейдің Ярославль облысында пиротехника өндіретін кәсіпорында болған ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Мәскеу уақыты бойынша сағат 22:00-дегі мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан 15 адам зардап шеккен, олардың 14-і қаза тапқан. Бір әйел ауруханаға жатқызылды. Өрт толықтай сөндірілді, - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнында үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр.