Қоғам

Маңғыстауда үш адам теңізге ағып кете жаздады (ВИДЕО)

Маңғыстауда үш адам теңізге ағып кете жаздады (ВИДЕО)

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында үш адам мінген үрлемелі қайық қатты желдің салдарынан жағалаудан алыстап, ашық теңізге ағып кеткен,деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Оқиға өткен түні Каспий теңізінің жағалауында болған. Үш адамды іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дереу шықты.

Құтқарушылар оларды тауып, жағалауға жеткізді. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарға жел күшейген кезде суға шықпауға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Барлық жаңалық