Шоу-бизнес

«Бір жыл жүгірдім»: Гүлзира Жұлдыздың жұлдызын қалай жаққанын айтты

«Бір жыл жүгірдім»: Гүлзира Жұлдыздың жұлдызын қалай жаққанын айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың жұлдызын қалай жаққанын айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Айтуынша бұл жол оңай болмаған.

"Менде Жұлдыздың жұлдызын жандырып бір-ақ шығарсам деген арман болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес бала-шағасы бар. Төрт баладан кейін етек-жеңін жинады ғой дедім. Оған дейін мен Қайраттан қолым босамады ғой. Біреудің қызы ғой деп папасының туған күніне барған кезде уәде бердім. Бұйырса Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын дедім. Қайратпен екеуіне дуэт жазып, бүкіл Қазақстанды аралаттым. Тойларға екеуіне дуэт жаздырдым. Одан өзімнің балам сияқты атақты болып кеткен жоқ. Сөйттім де жолдарын ойладым. 1 жыл жүгірдім. оңай болған жоқ. Өзінің оқыған оқуы актрисалық болған соң актриса бола берсін деген шешімге келдім. Содан киномды түсіріп, ол Нью-Йоркта гран-приге ие болды", - деді ол.

Барлық жаңалық