Жаңалықтар

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министрдің орынбасары атанды

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министрдің орынбасары атанды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат министрдің дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды. 8 қарашада Ахмат 18 жасқа толды. Бұл тағайындау туралы ресми хабарланған жоқ, бірақ Рамзан Қадыров өзінің телеграм-парақшасында марапттар туралы жазғанда ұлының жаңа лауазымын нақтылай кеткен. Бұған дейін бұл лауазымды Хусейн Абдулкаримов атқарған. Дегенмен 8 қарашадан бастап оның қызметі спорт министрінің орынбасарына дейін төмендетілген.
Барлық жаңалық