Жаңалықтар

Қостанайда оқушы LED-экранға мем қосып, қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда бір ұйымға тиесілі көше LED-экранына заңсыз кіріп, әзіл бейнелерді қосқан мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Полицияның мәліметінше, жасөспірім әлеуметтік желіден көрген «тәсілді» қайталауды ойлап, экран жүйесіне қол жеткізген. Ол жерден түрлі мемдерді көрсеткенде, өтіп бара жатқан жұртшылық күліп қарсы алғанымен, экран иелері мұны қалжыңға санамаған.

 

Оқушыға ақпараттық жүйеге рұқсатсыз кіру дерегі бойынша айып тағылды. Оның ата-анасы заңды өкілдері ретінде жауап бермек.

 

Құзырлы орган өкілдері бұл оқиға интернеттегі зиянсыз көрінген әрекеттің өзі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертетін нақты мысал екенін атап өтті.

Барлық жаңалық