Қостанайда 57 жастағы ер адам мас күйде көлік жүргізіп, жол апатын жасап, кейін ізін суытпақ болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 26 шілдеге қараған түні орын алған. TANK 300 маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп, бордюрге соғылып, ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, көлік жол бойында “GTA ойынындағыдай” ирелеңдеп жүрген.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалмақ болған. Алайда полицейлер оны ұстады. Ер адам айықтырғышқа жеткізілді, ал көлік арнайы тұраққа қойылды. Оған бірнеше құқық бұзушылық бойынша іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.