Қостанай облысында бүтін бір отбасы жол апатынан қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі рөлді басқарып келе жатып қалғып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөлік өртенді. ВАЗ 21-де 10-да жүргізуші мен екі жолаушы - көлік тізгіндеген азамат, 27 жастағы келіншек пен екі жасар сәби болған. Барлығы оқиға орнында көз жұмды",-деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Эльмира Испандиярова.