Оңтүстік Корея делегациясының Астанаға сапары және KNOC (Корея ұлттық мұнай корпорациясы) қатысуымен өткен келіссөздер Қазақстанның энергетикалық әлеуетін тағы да күн тәртібіне шығарды. Таяу Шығыстағы тұрақсыздық жағдайында Сеул балама шикізат көздерін іздеуге мәжбүр. Алайда, саясаттанушы Ералы Нұржұманың пікірінше, бұл ынтымақтастықтың болашағы бұлыңғыр деп хабарлайды ozeris.info сайты Shyndyq.kz ке сілтеп.
Корея үшін Қазақстан — басты таңдау емес Сарапшының айтуынша, Корея Қазақстанды толыққанды серіктес емес, тек «сақтандыру элементі» ретінде ғана қарастырады.
«Көмірсутектерді тасымалдаудың негізгі бағыты — Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мен Новороссийск порты қазіргі геосаяси жағдайда толық сенімді емес.«Сол себепті Сеул басқа аймақтарға назар аударып отыр», - дейді Ерәлі Нұржұма.
Мұнай емес, «іздеуді» ұсыну: Кешіккен бастама ма?
Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаздың» қолында Кореяның сұранысын бірден жабатын бос мұнай көлемі жоқ. Оның орнына Қазақстан тарапы бірлескен барлау жұмыстарын ұсынып отыр. Бұл ұсыныс 2010 жылдардағы инвестициялық дүмпу кезінде тиімді болар еді, ал бүгінгі таңда бұл «мәжбүрлі қадам» ретінде қабылдануда.
Инвесторлар үшін тәуекелдер: KNOC деңгейіндегі алыптар үшін Қазақстан нарығына кірудің бірнеше кедергісі бар:
-
Логистиканың тұрақсыздығы: Тасымалдау жолдарының сыртқы факторларға тәуелділігі;
-
Реттеуші белгісіздік: Заңнамалық және инфрақұрылымдық шектеулер;
-
Технологиялық үстемдік: Оңтүстік Корея жоғары инженерлік құзыретке ие болғандықтан, барлық процестерді өз бақылауында ұстауға тырысады.