Аймақтар

Қазақстанға су тасқынының орнына өрт келуі мүмкін

Қазақстанға су тасқынының орнына өрт келуі мүмкін
"Қазгидрометте" өрт қауіпі бар маусым 15 сәуір мен 15 қазан аралығындағы кезең болып саналады. Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес:
  • Мамыр мен маусымда орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде;
  • Шілде және тамыз айларында температура қалыпты шамада болжанады.
Бұл ретте Қазақстанда өрт қаупі 4 және 5 дәрежеге – жоғары және төтенше болады деп болжануда. Жоғары және төтенше өрт қауіптілігіне жеткен кезде дауылды ескертулер шығарылатын болады.
"Абай облысына келетін болсақ, температура нормадан жоғары. Сондай-ақ, жауын-шашын нормадан аз деп күтілуде. Әрине, онда табиғи өрттердің пайда болу ықтималдығы жоғары. Өте жоғары температура, ұзақ уақыт жауын-шашынсыз күндер. Сондықтан өрттің пайда болу ықтималдығы жоғары", - деді" гидрометеорологиялық орталықтың " басшысы Марина Шмидт.
Барлық жаңалық