Денсаулық

Қазақстанға емделуге келетін шетелдіктердің саны күрт артты

Қазақстанға алыс-жақын шетелден тіс емдеуге келгендер қатары көбейген. Соңғы 1 жылда стоматологиялық қызмет түрін 100-ден астам өзге мемлекет азаматы алып үлгеріпті. Отандық клиникалардағы озық технологиялар мен тәжірбиелі мамандар сұраныстың артуына себеп болып отыр. Дертіне дауа іздеп келген қонақтарды сала тағы қандай тың жаңашылдықтарымен тартып отыр. Бұл туралы 24kz жаңалықтар қызметі хабарлады. Қазақстан қалаулы мемлекет қатарында болуының бірнеше себебі бар.
  • Ем-дом алу бағасының төмендігі,
  • Медициналық қызметке деген қолжетімділік,
  • Алдыңғы қатарлы технология тұр тізімде.
Алыс-жақын өзге ел азаматтарының таңдауы Астана, Алматы, Шымкент қалаларына түскен.
  "Маған Ресейде дәрігерлер тістерімді түгел жұлу керек деп айтты. Басқаша ем жасауға келмейтінін жеткізді. Арнайы маманға жазылу үшін 4 айдай уақыт керек екен. Мен олай тәуекел етіп ұзақ күте алмадым. Сондықтан, бірден Қазақстанға ұштым. Ол жақта дәрігерлер клиника базасында маған ота жасап, тістерімді сақтап қалды. Өзім мұндай нәтиже күтпеген едім. Қаржы жағынан да үнем болды. Еуропада маған емдеу мен протездеуді қосқанда шамамен 20 мың еуро шықты. Ал Қазақстанда маған 4 мың еуроға тең шығын келді", - дейді Ресейлік Әлия Мулдашева.
Келушілер қатары соңғы 1 жылда үш есеге өсіпті. Оның ішінде Германия, Америка, Англиядан болса, берісі – көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан келеді екен.
"Өткен жылы елге келген шетелдіктер өте көп болды. Мысалы, АҚШ азаматтары 40 адам, Англиядан - 21 адам, Германиядан - 126 науқас, Ресейден – 58, Украинадан 12 тұрғын келді. Бұл мемлекеттерден  бөлек Италия, Қытай, Польша, Бельгия, Түркиядан да келушілер бар. Қазақстанның шекаралық аймағына әсіресе ресейлік азаматтардың ағылуы жиілеген. Тиімді қолжетімді қызмет түрін алып өз елдеріне қайтып кету оларға жеңілірек. Сұраныс жаз айларында көбіне өседі", - дейді стоматологиялық сарапшылар қауымдастығының президенті  Мейрам Раганин.
Өткен жылы Қазақстанға 2 мыңнан астам медициналық турист келді. Шетелдіктер тіс дәрігерінен бөлек кардиохирург, онколог, ортопед мамандарының қызметіне  жүгінген.
Барлық жаңалық