Қоғам

Қазақстанда бір сағатқа жарық сөндіріледі: Неге?

Қазақстанда бір сағатқа жарық сөндіріледі: Неге?

28 наурыз күні кешкі сағат 20.30-да Қазақстан халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясына қосылып, еліміздің бірнеше қаласында бір сағатқа жарық толықтай сөндіріледі, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша сағат 20.30-дан 21.30-ға дейінгі аралықта ғимараттардың сәндік жарығы өшіріліп, көшелер мен үйлердегі қараңғылық ғаламшардың болашағына деген қамқорлықтың белгісіне айналмақ.

Биылғы жылы Қазақстанда өтетін бұл шара экотуризмді дамыту тақырыбына арналып отыр.

Бұл бастама табиғат пен планета ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салады және дәстүр бойынша осы күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адам жарық пен тұрмыстық техниканы қуат көзінен ажыратады.

Жыл сайын бұл акцияға жүз сексен елдегі жеті мың қаладан екі миллиардтан астам адам қатысады. Әлемдік деңгейде он тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған экологиялық шара Қазақстанда осымен он жетінші рет өткізілмек.

Барлық жаңалық