Қарағанды қаласында 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы өлі күйінде табылды. Олардың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.