Қарағанды облысында YDD Corporation ферроқорытпа зауытында кенеттен жалын атқылау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша қозғалды."Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән жайы анықталады", - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.