Жаңалықтар
Қаңтар қырғыны: Тазабек пен Тілеухан тергеле ме?
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына Қаңтар көтерілісіне қатысты құзырлы органдар жиын өткізді, деп хабарлайды ozgeris.info порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда «Кім мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды? Қаза тапқандардың аты-жөні қашан жарияланады? Сатыбалдының сыбайластары ұсталуы мүмкін бе?» деген ең маңызды сұрақтар жауапсыз қалды.
– Қайрат Сатыбалдының қаңтар бүлігіне қатысы бар ма?
– Әзірге ешқандай қатысы жоқ.
– Билікті басып алғысы келгендер қалталы адамдар екені белгілі ғой. Кімдер болуы мүмкін?
– Бұл сұрақтың бәрі қарастырылып жатыр. Кім ұйымдастырғанын айтуға әлі ерте.
– «Радикалды діни ұйым мүшелерін арнайы дайындаған» деген рас па?
– Қазір ондай мәселені толық айта алмаймын. Ондай мәселе туындаған. Бірақ қарастырып жатырмыз. Турасын кейін айтамын.
– Салафизмге тыйым салына ма? Мәселен, осы ағымға қатысы бар делінетін Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек сияқты азаматтарға қандай да бір шара қолданылуы мүмкін бе?
– Осы айтып отырған сұрақтар қаңтар оқиғасына байланысты туындап тұрған жоқ.
– Қаңтар оқиғасына теріс діни ағымдардың қатысы бар екені айтылды ғой…
– Діни өкілдердің әсері бар. Бірақ сіз айтып отырған адамдар қарастырылып отырған жоқ.
– Азаматтарды азаптады делінген 334 полицияның мәселесі қалай болып жатыр? 243 іс бойынша 9 адам ұсталды дедіңіз…
– Қазір олардың бәрі зерттеліп жатыр.
– Азамат Батырбаевты азаптаған, арқасына үтік басқан адамдар ұсталды ма?
– Ұсталды. Тура сол азаматтың ісі бойынша Алматы облысында бір полиция қызметкері ұсталды.
– Қаңтар оқиғасына қатысып, қаза тапқан азаматтарға эксгумация жасалды. Одан қандайда бір пайда болды ма?
– Әрине, пайдасы бар. Эксгумация не үшін жасалып отыр? Ол адамдардың неден жарақат алғанын, қандай да бір іске дәлел болуы үшін эксгумация алынады. Қателеспесем, 37 адамға жасалған болуы керек.
– Семейде тергеліп жатқан кезде үш күдікті азамат қаза болды. Олардың өліміне себепкер болған полиция қызметкерлері ұсталды ма?
– Қазір іс қозғалып, тергеліп жатыр. Ұсталған-ұсталмағанын нақты айта алмаймын.
Қазір сіздердің мына әрекеттеріңіз (журналистердің өзін қыспаққа алуын айтады – ред.) дұрыс емес. Пресс-конференция жасаймын, сұрақтарыңызды баппен бөліп, қарастырамыз.
– Нақты қай күні пресс-конферения өткізесіз?
– Сұрақтарыңыздың бәрін беріңіз. Біз оны қарастырайық. Оның бәрі сұраққа, жұмысқа байланысты.
-
Тоқаев Вашингтоннан не әкеледі?17:42, 06 қараша 2025
-
УЕФА Темірлан Анарбековтің сейвін үздіктер қатарына қосты17:30, 06 қараша 2025
-
Алматыда тұрғын үй кешенінде бір топ ер адам күзетші мен тұрғынды ұрып кеткен16:48, 06 қараша 2025
-
"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатты": Динара Сәтжан танымал журналистің сынына қалды16:44, 06 қараша 2025
-
Қостанайда кәсіпорын басшысы қызметкерлерінің жалақысын бермеген16:19, 06 қараша 2025
-
-
"Тірегі бол": Олжас Абай Дариға Бадықованың анасымен кездесті15:02, 06 қараша 2025
-
Алматы облысында 14 млрд теңге тиімсіз жоспарланған14:40, 06 қараша 2025
-
Бай-бағландар халыққа не беріп жатыр?13:51, 06 қараша 2025
-
"Жақсы күйеу бола алмады": Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады12:36, 06 қараша 2025
-
"Көмектесетін адамым жоқ": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні ренішін айтты09:00, 06 қараша 2025
-
"Жақсы күйеу бола алмады": Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады12:36, 06 қараша 2025
-
"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатты": Динара Сәтжан танымал журналистің сынына қалды16:44, 06 қараша 2025
-
«Ұят болу керек»: Мейрамбек Бесбаев Димашты емес, Әбдіжаппар Әлқожаны таңдады01:56, 06 қараша 2025
-
“Нағыз оңбаған, өмірін құртты": Еркін Нұржанов туралы да ел білмейтін ақпарат тарады11:42, 06 қараша 2025
-
-
-
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Интерге» есе жіберді03:49, 06 қараша 2025
-
Тоқаев Трамппен кездесу үшін Вашингтонға келді09:34, 06 қараша 2025
-
Құм мен тас бар, зауыт неге аз?10:06, 06 қараша 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
"Қызылорданың қызы": Қабатовтың тоқалы туралы тың дерек шықты15:02, 03 қараша 2025
-
-
"Осы әйел үшін отбасын ойран етті": Тұрсынбектің жас "тоқалының" жүзі жария болды (ФОТО)09:01, 03 қараша 2025
-
Мөлдір Мұқанова ажырасқандарын енесі қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)12:06, 03 қараша 2025
-
-
"Небір сұмпайы тірліктер жасады": Мөлдірдің әпкесі күйеу баласы туралы жазды (ВИДЕО)11:11, 04 қараша 2025
-
"Балалаларыммен біргемін": Тұрсынбек Қабатов Мөлдірдің сұхбатын жоққа шығарды12:35, 03 қараша 2025
-
"Алған жақсы жары ол-мен": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы жазба жариялады10:38, 03 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-