Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украина мәселесін талқылады. Ақ үй басшысы бұл әңгімеге көңілі толмағанын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақ үй басшысы БАҚ сауалына берге жауабында айтты.
"Ұзақ әңгімелестік. Біз көптеген тақырып жайлы сөйлестік. Оның ішінде Иран жайын да, Украинадағы соғыс туралы да сөз болды. Менің көңілім толмайды… Мен онымен әңгімеде ешқандай нәтижеге қол жеткізбедім", – деді Трамп журналистерге берге сұхбатында.
Жыл басынан бері Путин мен Трамп телефон арқылы осымен алтыншы рет сөйлесіп отыр. Кремльдің таратқан нұсқасына сенсек, екі ел басшылары Сирия, Иран және Таяу Шығыстағы жағдайды да талқылаған.