Сырқаттанып қалған Кенжебек Жанәбілова Құрылтай сайлауында өз дауысын берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Мен өз таңдауымды жасадым, сіздер де өз таңдауыңызды білдіріңіздер. Елдің болашағы үшін жанымызды салайық", деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікірін ортаға салды.
"Алла шипасын берсін", "Жарайсың", "Тезірек сауығып, ортаңа қосыл", деп көпшілік тілек білдірді.